---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.64.0
alternate:
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/en/navigation/reader.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/navigation/reader.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/ru/navigation/reader.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/tr/navigation/reader.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/uz/navigation/reader.md
  - href: https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/navigation/reader.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/llms.txt?revision=r21903146
    rel: describedby
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/llms.txt?revision=r21903146

# Кітап оқу

Браузер арқылы кітап оқуға болады. Жүктеп алыңыз, ыңғайлы режимді баптаңыз және оқыңыз.

{% note info %}

Мына форматтағы кітаптарды ашуға болады: `epub`, `fb2`, `mobi`.

{% endnote %}

## Бүкіл кітаптарды қарау {#open-library}

{% note info %}

Функцияны қолдана бастау үшін Браузерді соңғы нұсқаға дейін [жаңартыңыз](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/install/install.md).

{% endnote %}

Бүкіл кітаптарды қарау үшін ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → **Жүктеулер** → **Кітаптар** батырмасын басыңыз.

## Кітапхананы толықтыру {#download-book}

Кітапты қосыңыз:

{% list tabs %}

- Яндекстен жаңасын табу
  
  Кітапты табу үшін [Ақылды жолды](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/navigation/search.md#smartbox) пайдаланыңыз.
  
  Файлды жүктеп алыңыз, сонда ол жүктеулердің **Кітаптар** бөліміне автоматты түрде қосылады.
  
  Сіз кітапты жүктеп алғаннан кейін бірден аша аласыз. Бұл үшін экранның төменгі бөлігіндегі тақтада **Оқу** батырмасын басыңыз. Кітап Браузер қойындысында ашылады.
  
  
  {% cut "**Жүктеп алынған кітапты хабарламалар панелі арқылы ашу**" %}
  
  1. Смартфон экранының жоғарғы шетін төмен жылжытыңыз Хабарламалар панелі ашылады.
  1. Панельде файлдың атауына басыңыз. 
  1. Тізімнен **Читалка** опциясын таңдаңыз. Кітап Браузер қойындысында ашылады. Ашқаннан кейін файл туралы хабарлама панельде көрсетілмей қалады.
  
  {% endcut %}
  
- Құрылғыдан жүктеу

  1. <!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
     ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → **Жүктеулер** → **Кітаптар** батырмасын басыңыз.
     <!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
  1. Төменгі оң жақ бұрышта![](../_assets/reader-add.svg) батырмасын басыңыз.
  1. Құрылғыдан файлды таңдаңыз.
  
  Кітап жүктеулердің **Кітаптар** бөліміне қосылады.

{% endlist %}


## Ашу {#open-book}

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
   ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → **Жүктеулер** → **Кітаптар** батырмасын басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
1. Қажет кітапқа басыңыз.
  
Егер сіз кітапты оқыған болсаңыз, сіз тоқтаған беті ашылады.
  
Әрбір кітап атауының астында **45% оқылды** (егер 45% оқыған болсаңыз) деген жазба бар — оның көмегімен сіз үлгерімді қадағалап отыра аласыз.


{% cut "**Кітапты оқуға арналған басқа қосымшадан ашу**" %}

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
   ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → **Жүктеулер** → **Кітаптар** батырмасын басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
1. Тізімнен қажет кітапты табыңыз.
1. Кітап атауының оң жағында ![](../_assets/menu-tibar.svg) белгішесін басыңыз.
1. Ашылған мәзірден **... арқылы ашу** батырмасын басыңыз.
1. Тізімнен оқуға арналған қосымшаны таңдаңыз.

{% endcut %}


## Оқу {#read-book}

Бір бет алға өту үшін экранның оң жақ жиегіне, бір бет артқа өту үшін — сол жақ жиегіне басыңыз.

Баптауларды ашу үшін экранның ортасына басыңыз. Баптаулар режимінде сіз:

- **Жүктеулер** — кітапхананы ашу.

- ![](../_assets/reader-content-icon.svg) — мазмұнын аша аласыз. Қажетті тарауын оқуға өту үшін оның атауын басыңыз.

- ![](../_assets/reader-font-icon.svg) — қаріп өлшемі мен аралықтарды өзгерте аласыз. Қаріп өлшемін өзгерту үшін ![](../_assets/reader-plus-icon.svg) немесе ![](../_assets/reader-minus-icon.svg) таңбасына басыңыз. Экрандағы мәтіннің енін ![](../_assets/reader-spare-icon.svg) таңбаларының көмегімен реттеңіз.

- ![](../_assets/read-aloud-on.svg) — кітапты [тыңдау](#read-aloud).

- ![](../_assets/reader-night-icon.svg) — күңгірт тақырыпқа өту. Ашық түсті тақырыпқа ауысу үшін ![](../_assets/reader-light-icon.svg) таңбасын басыңыз.

- Навигация слайдері — қажет парақшаға жылдам өту. Экранның астыңғы бөлігіндегі жүгірткіні солға немесе оңға тартыңыз.

Кітапты жабу үшін:

1. Экранның ортасын басыңыз.
1. Төменгі панельде қойындылар саны бар белгішені (егер жеті қойынды ашық тұрса, ![](../_assets/tabs-number.svg)) басыңыз.
1. Бетті солға немесе оңға сырғытыңыз немесе қойындының жоғарғы оң жақ бұрышындағы ![](../_assets/close-icon.svg) батырмасын басыңыз.


## Тыңдау {#read-aloud}

Браузер арқылы кітаптарды оқуға да, тыңдауға да болады. Оларды дауыстап әйел немесе ер адамның дауысымен тыңдауға болады. Кітапты тыңдау үшін:

1. Кітапты [ашыңыз](#open-book).
1. Экранның ортасын басыңыз → ![](../_assets/read-aloud-on.svg).

Кітапты тыңдау кезінде сіз дауыстап оқуды астыңғы тақтадан басқара аласыз:

- ![](../_assets/read-aloud-pause.svg) — үзіліске қою.

- ![](../_assets/read-aloud-play.svg) — оқуды жалғастыру.

- ![](../_assets/read-aloud-back.svg) — 10 секунд артқа айналдыру.

- ![](../_assets/read-aloud-forward.svg) — 10 секунд алға айналдыру

- ![](../_assets/read-aloud-menu.svg) — оқу жылдамдығы мен дауысты таңдау. Егер кітапты әдеттегі жылдамдықпен тыңдау ыңғайсыз болса, тезірек немесе ең тез жылдамдықты таңдаңыз. Осы жерден дауыстап оқу үшін әйел немесе ер адамның дауысын таңдай аласыз.

- ![](../_assets/read-aloud-close.svg) — оқуды өшіру. Таңбаны көрсету үшін алдымен ![](../_assets/read-aloud-pause.svg) батырмасын басыңыз.


## Жою {#delete-book}

{% note info %}

Кітапханадан өшірген кезде кітап құрылғының жадында қалады.

{% endnote %}


1. <!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
   ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → **Жүктеулер** → **Кітаптар** батырмасын басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
1. Кітап атауының оң жағында ![](../_assets/menu-tibar.svg) белгішесін басыңыз.
1. Ашылған мәзірден **Өшіру** пәрменін таңдаңыз.

## Бөлісу {#share-book}

Сіз кітапты басқа қосымшалар арқылы бөлісе аласыз:

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
   ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → **Жүктеулер** → **Кітаптар** батырмасын басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
1. Кітап атауының оң жағында ![](../_assets/menu-tibar.svg) белгішесін басыңыз.
1. Ашылған мәзірден **Бөлу** батырмасын басыңыз.
1. Тізімнен кітапты жібергіңіз келетін қосымшаны таңдаңыз.

## Баптаулар {#settings}

### Кітаптарды сұрыптау

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
   ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → **Жүктеулер** → **Кітаптар** батырмасын басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
1. Экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы ![](../_assets/menu-tibar.svg) батырмасын басыңыз.
1. **Сұрыптау** бөлімінде қажет нұсқаны таңдаңыз:
   - **Жақында** — кітаптар соңғы ашылған күні бойынша сұрыпталады.
   - **Жүктеу күні бойынша** — кітаптар кітапханаға қосылған күні бойынша сұрыпталады.
   - **Аты бойынша** — кітаптар әліпби ретімен сұрыпталады.

### Жүктеу баптаулары

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
   ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → **Жүктеулер** → **Кітаптар** батырмасын басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
1. Экранның оң жақ жоғарғы бұрышында ![](../_assets/menu-tibar.svg) → **Баптаулар** опциясын басыңыз.
1. Жүктеу параметрлерін орнатыңыз:
   - **Файлдарды қайда сақтау керек** — кітаптарды сақтау үшін қалтаны таңдаңыз.
   - **Файлдарды сұрамай жүктеу** — автоматты жүктеу үшін қосыңыз.

## Жүктелген кітаптарды іздеу {#search-books}

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
   ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → **Жүктеулер** → **Кітаптар** батырмасын басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/reader.md -->
1. ![](../_assets/chat-search-icon.svg) басыңыз.
1. Кітаптың атауын іздеу жолына енгізіңіз.


<!-- {% include [form](../_includes/reusables/forms-and-buttons/id-form/form.md) %} -->

<!-- source: kk/_includes/black-button-feedback.md -->
<a href="kk/feedback/feedback">
    <span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>




<!-- endsource: kk/_includes/black-button-feedback.md -->
