---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.70.0
alternate:
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/en/troubleshooting/problems-download-files.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/troubleshooting/problems-download-files.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/ru/troubleshooting/problems-download-files.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/tr/troubleshooting/problems-download-files.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/uz/troubleshooting/problems-download-files.md
  - href: https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/troubleshooting/problems-download-files.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/llms.txt?revision=r22089951
    rel: describedby
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/llms.txt?revision=r22089951

# Файлдарды жүктеу және баптаулар туралы жиі қойылатын сұрақтар


{% cut "**Браузер файлдардың жүктеп алынуын бұғаттайды**" %}{#browser-block-download}

Егер жүктеліп жатқан файлда зиянды бағдарлама бар болса, Браузер оны бұғаттайды. Толығырақ [Жүктелетін файлдарды тексеру](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/security/file-checking.md) бөлімінен қараңыз.

{% endcut %}


{% cut "**Жүктеу үзілді**" %}{#download-aborted}


Жүктеуді жалғастыру үшін:

1. Android хабарландыру тақтасын ашыңыз (смартфон экранының жоғарғы жиегін төмен жылжытыңыз).

1. Жүктеліп жатқан файл атауының астындағы **Жалғастыру** немесе **Болдырмау** батырмасын басыңыз.

Егер жүктеу жаңартылмаса, файлды қайта жүктеп көріңіз.

Сондай-ақ, жүктеугесмартфонға орнатылған антивирус әсер етуі мүмкін. Антивирусты уақытша өшіріп, файлдарды қайтадан жүктеп көріңіз.



Толығырақ [Файлдарды жүктеу](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/navigation/download.md#download-aborted) бөлімінен қараңыз.


{% endcut %}








{% cut "**Баптауларды қайдан табуға болады**" %}{#where-settings}

Браузерде ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → ![](../_assets/shestern.svg) белгішесін басыңыз.

{% endcut %}




{% cut "**Браузерге қайтару белгішесі**" %}{#button-returning}

Баптаулар арқылы Браузерге оралу белгішесін қосыңыз, кейін басқа қосымшаға өткен кезде қайта оралу үшін ![](../_assets/browser-icon.png =22x) белгішесін басу жеткілікті болады. Ол үшін:


1. ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → **Баптаулар** батырмасын басыңыз.


1. **Қосымша** бөліміне өтіңіз.
1. **Басқа қосымшалар үстінен Браузерге қайтару белгішесі** опциясын қосыңыз.

{% endcut %}





{% cut "**Браузерде тұрған жер дұрыс емес**" %}{#incorrect-location}

Қосымшада геолокацияны қарауға рұқсат жоқ немесе құрылғыда тұрған жерді анықтау сөндірілген болуы ықтимал.

{% note info %}

Құрылғыға байланысты амалдар реті айрықша болуы мүмкін.

{% endnote %}

Оны құрылғының баптаулары арқылы тексеруге болады:

1. **Тұрған жеріңіз** → **Тұрған жеріңізді қарауға рұқсат** → **Тұрған жеріңізді GPS көмегімен анықтау** бөліміне өтіңіз.
1. **Қосымшалар** → **Яндекс Браузер** → **Құқықтар** немесе **Рұқсаттар** бөлімін ашыңыз.

Егер бұл параметрлер сөндірулі болса — оларды қосыңыз.


Сондай-ақ тұрған жеріңізді екі тәсілмен баптауға болады:

- карта немесе навигаторы бар кез келген қосымшаны ашыңыз және компас батырмасын басыңыз, сонда GPS қосылады және сіздің тұрған жеріңіз анықталады;
- тұрған жеріңізді қолмен белгілеңіз, ол үшін ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → **Баптаулар** → **Тұрған жер** батырмасын басыңыз.

Егер бұл көмектеспесе, бізге чатқа немесе [форма](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-phone/kk/feedback/feedback.md) арқылы жазыңыз. Толығырақ сипаттаңыз:

- тұрған жеріңіз нақты қай жерде дұрыс анықталмай тұр — Браузер баптауларында ма, әлде қандай да бір сайтта ма;
- Браузер анықтап тұрған жер сізден қаншалықты алыс.

{% endcut %}










<!-- {% include [form](../_includes/reusables/forms-and-buttons/id-form/form.md) %} -->

<!-- source: kk/_includes/black-button-feedback.md -->
<a href="kk/feedback/feedback">
    <span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>




<!-- endsource: kk/_includes/black-button-feedback.md -->
