---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.64.0
alternate:
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-ipad/en/install/permissions.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-ipad/kk/install/permissions.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-ipad/ru/install/permissions.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-ipad/tr/install/permissions.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-ipad/uz/install/permissions.md
  - href: https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-ipad/kk/install/permissions.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-ipad/kk/llms.txt?revision=r21903146
    rel: describedby
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-ipad/kk/llms.txt?revision=r21903146


# Рұқсаттар

Мобильді Яндекс Браузер қалыпты жұмыс істеуі үшін, пайдалану рұқсаттары қажет. Олардың бір бөлігі орнату кезінде, басқа бөлігі функцияны іске қосу кезінде сұралады.


## Хабарламаларды қолдануға рұқсат {#notifications}

[Яндекс сервистерінен](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-ipad/kk/personal-settings/notifications.md#yandex) ескертулер жіберу үшін қажет.

Егер орнату кезінде сіз Браузерге хабарландыруларға қолжетімділікті ұсынудан бас тартсаңыз, оны кейінірек былай жасай аласыз:


1. Планшет баптауларын ашыңыз.
1. **Хабарламалар** → **Яндекс Браузерді** таңдаңыз.
1. **Хабарландыруларға рұқсат беру** опциясын қосыңыз.




## Әрекеттерді бақылау рұқсаты {#tracking}

Іздеу қызығушылықтарыңызды ескеруі үшін керек.

Егер орнату кезінде Браузерге қосымшалар мен сайттардағы әрекеттеріңізді бақылауға рұқсат беруден бас тартсаңыз, мұны кейінірек жасай аласыз:

1. Планшет баптауларын ашыңыз.
1. **Құпиялылық және қауіпсіздік** → **Бақылау** тармағын таңдаңыз.
1. **Яндекс Браузерге** арналған опцияны қосыңыз.


## Микрофонға кіру {#microphone}

Дауыспен іздеу және үшін қажет.

Егер орнату кезінде сіз Браузерге микрофонды қолдануға рұқсат беруден бас тартсаңыз, оны кейінірек былай жасай аласыз:



1. Планшет баптауларын ашыңыз.
1. **Құпиялық және қауіпсіздік** → **Микрофон** тармағын таңдаңыз.
1. **Яндекс Браузерге** арналған опцияны қосыңыз.


## Камераны қолдануға рұқсат {#camera}

Ол сурет бойынша іздеу үшін қажет.

Егер орнату кезінде сіз Браузерге камераны қолдануға рұқсат беруден бас тартсаңыз, оны кейінірек былай жасай аласыз:



1. Планшет баптауларын ашыңыз.
1. **Құпиялылық және қауіпсіздік** → **Камера** тармағын таңдаңыз.
1. **Яндекс Браузерге** арналған опцияны қосыңыз.


## Тұрған жерді анықтауға рұқсат {#geo}

Келесі жағдайларда қолданылады:

- сайттар сіз үшін өзекті ақпаратты көрсетеді (мысалы, ауа райы, тығындар немесе карта);
- [Ақылды жолда](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-ipad/kk/navigation/search.md#smartbox) дұрыс сыбырсөздер көрсетіледі (мысалы, ауа райы туралы);
- баптауларда аймақта қолданылатын іздеу жүйелерінің жиынтығы ұсынылған;
- [Тақтада](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-ipad/kk/personal-settings/tableau.md) аймақ үшін әдепкі сайттардың жиынтығы көрсетіледі.

Егер орнату кезінде сіз Браузерге тұрған жерді анықтауға рұқсат беруден бас тартсаңыз, оны кейінірек былай жасай аласыз:



1. Планшет баптауларын ашыңыз.
1. **Қосымшалар** → **Яндекс Браузерді** басыңыз.
1. Қосымшаны қолдану кезінде геопозицияны анықтауға рұқсат беріңіз.



<!-- {% include [form](../_includes/reusables/forms-and-buttons/id-form/form.md) %} -->

<!-- source: kk/_includes/black-button-feedback.md -->
<a href="kk/feedback/feedback">
    <span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>




<!-- endsource: kk/_includes/black-button-feedback.md -->

